"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі
  • Адрес: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан 40

  • +7 (7132) 54-16-67

Жаңалықтар

Барлық жаңалықтар

 20.08.2018 08:32:00

 0


Жаңалықтар...

 10.12.2017 14:34:00

 0


"Туған жерге тағзым" акция аясында ашылған аудандық сайттар...

 30.09.2017

 0


Ақтөбеде «Туған жер» форумы жоғары деңгейде өтті...
Ақтөбеде «Туған жер» форумы жоғары деңгейде өтті

 30.09.2017

 0


Ақтөбеде «Туған жер» республикалық форумы аясында 20-дан астам меморан...
Ақтөбеде «Туған жер» республикалық форумы аясында 20-дан астам меморандумға қол қойылды

 09.08.2017

 0


Бақыты үшін баланың!...
     
 123456.jpg

  Калиев Мырзалы Жолдасбайұлы «АЗС - Лидер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Ақырап орта мектебінің 1976 жылғы үздік түлегі.

2016 жылы «Туған жерге тағзым» атты акция аясында мектеп оқушыларын аудан, облыс орталықтарындағы іс-шараларға, Ақырап ауылының маңайындағы  жабылып қалған  шағын ауылдардың мектеп жасындағы балаларды  күнделікті мектепке Ақырап орта мектебіне тасымалдауға «Газель» ГАЗ-32212-264 автокөлігін сыйға тартты. 

 01.08.2017 00:42:00

 0


Жұмыла көтерген жүк жеңіл!!!...
Жұмыла көтерген жүк жеңіл!!!!
123.jpg
Жарық ОМ 1980 жылғы түлегі, "МБ-Транс" ЖШС-нің басшысы  Муканов Бауыржан Төлегенұлы "Туған жерге тағзым" акциясының аясында ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына спортпен айналысуға мүмкіндік беретін, 20х36 көлемінде спорт алаңын сыйға тартты. Жоба құны 10 000 000 теңге.Қазіргі таңда жасақтау жұмыстары толығымен аяқталып, қолдануға берілді.  

 01.08.2017

 0


Ұлтарақтай болса да ата-қоныс жер қымбат!!!...

Ұлтарақтай болса да ата-қоныс жер қымбат, Ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат демекші кай адамзат баласына болмасын кіндік қаны тамған жері қымбат. Баршамызға мәлім бүгінде елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" идеясы Республикамызда жүзеге асырылуда. Осыған орай Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінде жартас спорттык құрылғысының ашылу салтанатты жиыны өткізілді. Жартас алып және қондырып берген өзіміздің жерлесіміз, жас спортшы Сыдықов Нұрбол Тұрарұлына мектеп ұжымы алғыс білдірді. Ашылу салтанатында мектеп оқушылары өз жүрекжарды лебіздерін білдіріп, "Ер каруы бес қару" демекші Нұрбол Тұрарұлына қылыш сыйға табысталды. Байғанин топырағынан түлеп ұшқан жерлестеріміз ағалар жолын жалғап, әр салада биік белестер бағындырып жүргені біздер үшін зор абырой.

14556.jpg

 абырой

 03.07.2017

 0


Ақтөбе облысында «Мектепке жол» акциясы басталды!...

Ақтөбе облысында «Мектепке жол» акциясы басталды!
Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында еліміздің барлық аймағында жалпыреспубликалық "Мектепке жол" акциясы басталды.
Биылғы жылы акция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өткізілуде.
Акция мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
Акцияны ұйымдастыру және сапалы өткізу мақсатында облыс әкімі орынбасарының бекітуімен жоспар мен облыстық ұйымдастыру штабы құрылды. Акцияның өту барысы  штаб мүшелерінің бақылауында болады.
Акция барысында қадағалаусыз және панасыз, мектептен шет қалып, жүйелі түрде оқуға бармай жүрген балаларды анықтау үшін мұғалімдердің қатысуымен рейдтік жұмыстар жүреді.
Осыған орай, Сіздерден балаларға қуаныш сыйлап, акцияға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз. Сіздердің көмектеріңізге зәру балалар туралы ақпаратты Облыстық білім басқармасының 55-17-92 байланыс телефондарыарқылы алуға болады.

 29.06.2017

 0


«Алтын дән»...
Үлгілі ансамблі «Eңlіk» оқушылары МКҚК «Оқушылар қалалық сарайы» олар 1-ші орын жүлдесін жеңіп алды 13 19 шілде, жазғы лагері «Лесная Сказка» Бурабай өтті балалар шығармашылығының «Алтын dәn», екінші республикалық конкурсына қатысты. Біздің команда бұл ынта қоғамдық және қазылар алқасы қабылдады екі нөмірлері «Аққу» және «Rizamyn» ұсынды.

Астана, Алматы, Атырау, Семей, Орал, Хромтау және Қазақстанның басқа қалаларының қалаларынан келген командалар болды; 170 қатысушылардың жалпы.

 01.06.2017 18:45:00

 0


Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің Шеруін...


СЕРІКТЕСТЕР